050701 – Биотехнология мамандығының студенттеріне

 «Биохимия»

пәні бойынша  зертханалық сабақтарға  арналған  әдістемелік нұсқау

 

 

№ 1 зертханалық жұмыс

 

Ақуыздардың физикалық-химиялық қасиеттері.

Ақуыздардың ерігіштігі, тұнбаға түсуі және тұздау, ақуыздарды диализдеу.

 

Сабақтың мақсаты: ақуыздардың құрылыстары мен қасиеттерін зерттеу. Ақуыздар мен аминқышқылдарына тән сапалық реакциялармен танысу, ақуыздардың тұнбаға түсу реакцияларын жасай білу.       

Қажетті реактивтер мен жабдықтар:

Пробиркалар, шұңғымалар, дист. су, бидай ұны, жұмыртқа ақуызы, коллодий, 0,2 %, 10 %  NaOH ерт., 50-80 %  этил спиртінің судағы ерт., 5 %  NaCI ерт., 10 %   HNO3  ерт. , 1 %  CuSO4  ерт.

 

Ақуыздардың физикалық-химиялық қасиеттері. Ақуыздар өлшемдері 0,1 – 0,001 мкм болатын коллоидтық ерітінділер түзеді, олар үшін мына қасиеттер тән: төменгі осмостық қысым; жоғары тұтқырлық; диффузияға төмен қабілеттілік. Зертханалық тәжірибеде ақуыздардың коллоидтық ерітінділерінің екі қасиетін қолданады: Тиндаль құбылыс негізінде ақуыздың мөлшерін нефелометрлік анықтау; диализ – ақуыз ерітінділерін төменгі молекулалық қоспалардан жартылай өткізгіш мембраналар көмегімен тазалау.

 

Ақуыздардың ерігіштігі

    Жұмыртқа ақуызын, қанның сары суын, бұлшық ет плазмасын және т.б. құрамында альбумин және альбумин бар биологиялық сұйықтықтарды сумен араластырғанда, алғашқысы ерітіндіге өтеді, ал екіншісі тұнбаға түседі. Егер суда аз мөлшерде сілтілік металдардың тұздары (NaСI, КСI, Na2SO4 және т.б. ) болса, онда ерітіндіге екі ақуыздық бөліктер, яғни  альбумин және  глобулиндер өтеді.  

Өсімдік ақуыздарын бөліп алу үшін зерттелетін материалдағы ақуыз фракцияларының сипатына байланысты әртүрлі еріткіштер қолданылады. Бидай, қара бидай және арпа ұндарының ақуыздары 0,2%  NаОН ерітіндісінде, әсіресе күйдіргіш натрдың сулы-спиртті ерітіндісінде (0,2% NaОН –ның  50-60% этил спиртіндегі) жақсы ериді. Ерітіндіге альбумин, глобулин, проламин және глютелин өтеді. Глютелиндер сілтіде жақсы ериді, себебі олардың құрамы дикарбон аминоқышқылдарына  (глютамин, аспарагин қышқылдары) бай және қышқылдық сипатқа ие.

Проламиндер (атап айтқанда бидай, қара бидай, арпа дәні) суда және тұзды ерітінділерде ерімейді, олар тек 50-80%-тік  спиртте ериді. Проламиндерде пролин аминқышқылының қалдығы  (осы себепті олардың аталуы – проламиндер) және глютамин қышқылының қалдықтары көп.

Зертханалық жұмыстың нәтижедерін кесте түрінде өрнектейміз.

 

 

 

Ақуыздардың ерігіштігі

 

Ақуыз атауы

H2O

5% NaCl

0,2% NaOH

 

 

 

 

 

 

           

Ескерту: «Ақуыз атауы» бөлігіне : альбумин, глобулин, глютелин деп жазады. Басқа бөліктерде ақуыз ерігіштігін оң таңбамен (+),  ерімейтіндерін  - теріс (-) таңбамен жазады.

 

Жұмыстың жасалу реті:

1)  2 тамшы жұмыртқа ақуызының тамшысына 20 тамшы су қосады, араластырады және 3-5 мин. қалдырады.  Жұмыртқа альбумині ериді, ол азған тұнба түрінде түзіледі. Ерітіндіні аджын-ала сумен жұққан сүзгіш қағаз арқылы сүзеді. Фильтратты тұнба түсіру реакциялары үшін пайдаланылады.

 

2) 2 тамшы жұмыртқа ақуызының тамшысына 20 тамшы 5% NaCl ерітіндісін қосады, араластырады.  Құрамында альбумин және глобулині бар жұмыртқа ақуызының тұзды ерітіндісі алынады. Тұзды ерітіндіні диализ үшін қолданады.

 

            3) 200 мг бидай (немесе соя ) ұнын фарфорлы келіде  5 мл. 0,2%  NaOH (сумен 1:1 қатынаста арластырылған 0,1н. ерітінді) ерітіндісімен езгілейді. Ерітіндіге альбумин, глобулин және глютелин өтеді. Келідегі қоспаны пробиркаға ауыстырады және тұнған соң жоғарғы лайлы қабатты түсті реакциялар, тұндыру реакциялар және диализ үшін пайдаланылады.

 

Ақуыздарды  тұнбаға түсіру

 

Ақуыздарды ерітінділерден тұнбаға түсіру.  Ақуыз молекуласы ерітіндіде екі фактормен тұрақтанады: зарядымен және гидратты қабықшамен. Зарядты жоғалту үшін ақуызды изоэлектрлік нүктеге әкеледі. Гидратты қабықшаны жою үшін су тартқыш заттар (органикалық еріткіштер, жоғары концентрациялы сілтілік-жер металдардың тұздары), температура өзгерісі т.б. қолданылады. Ақуызды тұнбаға түсіру үшін ақуыз молекуласын тұрақтандыратын екі факторды жою қажет.

 

Ақуыздарды тұздау. Сілтілік –жер металдары тұздарымен тұнбаға түскен ақуыздар терең өзгерістерге ұшырамайды, егер тұздарды диализ әдісімен кетірсе, онда ақуыздар қайтадан еруі мүмкін. Ақуыздарды бөлудің мұндай әдісін тұздау деп атайды. Тұздау үшін көбінесе аммоний сульфаты қолданылады.

      Тұздау реакциялары (концентрациясы жоғары бейтарап тұздардың көмегімен тұндыру) ақуыз молекулаларының дегидратацияланып, онымен бірмезгілде электр зарядының бейтараптануымен байланысты. Әртүрлі ақуыздарды тұздау үшін бір тұздың әртүрлі мөлшері қажет. Глобулиндердің молекулалық массалары үлкенірек болғандықтан олар альбуминдерге қарағанда оңай тұзданады. Глобулиндер жартылай қаныққан, ал альбуминдер толық қаныққан аммоний сульфвты ерітіндісінде тұнбаға түседі. Тұздау үшін көбінесе аммоний сульфаты  қолданылады.  жартылай қаныққанда тұнбаға қан сары суының глобулиндері тұнбаға түседі,

ал 100% қаныққанда альбуминдер тұнбаға түседі.

     Қабыну процестері мен бауырдың бұзылуларын анықтау үшін қолданылатын глобулин-альбуминді коэффициентін (глобулиндердің абсолютті немесе салыстырмалы артуы) табуды клиникалық-биохимиялық зертханаларда қолданылады.

 

Ауыр металдардың тұздарымен ақуыздарды тұндыру (тұздауға қарағанда) тұздардың төмен концентрацияларында жүреді. Ақуыздар ауыр металдардың (қорғасын, мыс, күміс, сынап және т.б.) тұздарымен әрекеттескенде оларды адсорбциялап, олармен осы тұздардың артық мөлшерлерінде еритін (,  тұздарынан басқа), бірақ суда ерімейтін,  тұз тәріздес немесе комплексті қосылыстар түзеді. Ауыр металдардың тұздары ақуыздардың қайтымсыз тұнбаға түсуін, яғни денатурациясын туғызады. Тұздардың артық мөлшерлерінде тұнбаның еруін адсорбциялық пептизация деп атайды. Бұл құбылыс ақуыз бөлшектерінде бірдей оң зарядтардың пайда болуымен түсіндіріледі.

 

Концентрлі минералды қышқылдар ақуыздардың денатурациясын туғызады. Ақуыздың тұнбаға түсуі ақуыз бөлшектерінің денатурациялануымен  және ақуыздардың қышқылдармен комплексті тұздар түзілуімен түсіндіріледі. Ортофосфор қышқылы тұнба бермейді. Азот қышқылынан басқа барлық минералды қышқылдардың артық мөлшерлерінде тұнбаға түскен  ақуыз ериді. Осы себепті ақуыздарды азот қышқылымен тұнбаға түсіру әсіресе несепті клиникалық зерттеуде кеңінен қолданылады (Геллер үлгісі). Несептегі ақуыз мөлшерін концентрлі азот қышқылымен сандық анықтау Робертс-Стольников – Брандберг әдісінің негізінде жатыр.

 

Органикалық қышқылдар ақуыздарды қайтымсыз тұнбаға түсіреді, әсіресе бұл мақсатта үшхлорсірке және сульфосалицил қышқылдары жиі қолданылады. Сульфосалицил қышқылы клиникада несептің және басқа биологиялық сұйықтықтардың құрамындағы ақуыздың өте аз мөлшерін анықтау үшін пайдаланылады (реакцияның сезімталдылығы 1:50000).  Бұл қышқыл  ақуыздардан басқа  олардың ыдырау өнімдері – жоғары молекулалық   пептондарды және полипептидтерді де тұндырады. Үшхлорсірке қышқылы тек ақуыздарды ғана тұнбаға түсіреді, ал олардың ыдырау өнімдерін тұнбаға түсіре алмайды. Үшхлорсірке қышқылы, мысалы, қан ақуыздарын тұнбаға түсіреді, бұл оларды жоғары молекулалық пептидтерден бөліп алду үшін қажет. 

Спирт, ацетон т.б. органикалық еріткштерде ақуыздар ерімейді және тұнбаға түспейді. Ақуыз табиғатына байланысты оны тұндыру үшін спирттің әртүрлі концентрациясы қажет. Спирт суды байланыстырып, ақуыз мицелласының дегидратациясын және олардың ерітіндіде тұрақсыздығын туғызады. Спиртен тұндырғанда ақуыз ерітіндісі бейтарап немесе әлсіз қышқылды болуы керек (бірақ сілтілі емес). Реакция ақуыз молекуласының зарядын жоғалтатын натрий хлоридінің қатысында оңай жүреді. Ақуызды спиртпен тұнбаға түсіру реакциясы суытқан кезде қайтымды. Егер тұнбаны спирттен тез бөліп алса, онда ақуыз өзінің табиғи қалпын сақтайды.

 

Ақуыздарды алкалоидты реактивтермен тұндыру да қайтымды реакцияларға жатады. Алкалоидты реактивтер қатарына таннин, пикрин қышқылы т.б. жатады. Ақуыздарды алкалоидты реактивтер көмегімен тұндыру механизмі ақуыздың негізгі азотты топтарымен ерімейтін тұз тәріздес қосылыстардың түзілуімен байланысты. Бұл қосылыста ақуыз – катион, ал алкалоидты реактив – анион болып саналады. Осы мақсатта ақуыз ерітіндісін сірке қышқылымен әлсіз қышқылдандырады, бұл ақуыз мицелласында оң зарядты туғызады, соның нәтижесінде ол теріс зарядталған тұндырғыш бөлшектерімен оңай әрекеттеседі. Оң зарядты протамин және гистон ақуыздары бейтарап ортада қышқылдандыруды қажет етпей-ақ  алкалоидты реактивтермен оңай тұнбаға түседі.

Ақуыз зарядын жоғалтатын рН мәні изоэлектрлік нүкте деп аталады. Изоэлектрлік нүкте әр ақуыздың химиялық табиғатын сипаттайды. Изоэлектрлік нүктеге жақын рН мәнінде ақуыздың ерігіштігі, ісінуі  және тұтқырлығы өте төмен, керісінше, тұнбаға түсуі және агглютинациясы  ең жоғары болады. Қышқылдың артық мөлшерін қосқанда ақуыз оң заряд, ал сілтінің артық мөлщерінде теріс заряд көрсетеді.

Ақуыздар қыздырғанда және органикалық еріткіштер, концентрлі қышқылдар мен сілтілер әсерінен денатурация деп аталатын терең өзгерістерге ұшырайды. Денатурация кезінде кейбір ішкімолекулалық байланыстардың (сутектік, дисульфидтік) қайта топталуы нәтижесінде ақуыздың үшінші реттік құрылымы айтарлықтай өзгереді.

 

  Бұл құбылыстың нәтижесінде ақуыз молекулаларының кейбір физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттері бұзылады. Ақуыз өзі еритін еріткіштерде (су, тұзды ерітінділер т.б.) еру қабілетінен айрылады. Басқаша айтқанда, ақуыздар денатурация кезінде өздерінің  гидрофильдік қасиеттерін жоғалтып, гидрофобтық қасиеттерге ие болады. Денатурацияның мұндай түрін қайтымсыз денатурация деп атайды, бұл ақуыз молекуласындағы өзгерістер терең емес және белгілі жағдайларда қайтадан табиғи қасиетттерін қалпына келтіретін қайтымды денатурацияға қарағанда өзгеше болады.

 

Ақуызды органикалық еріткіштермен тұндыру. Ақуыз ерітіндісіне спирттің немесе ацетонның көп мөлшерін қосқанда ақуыз лайлы не ақ тұнба береді. Реакция ақуыздың коллоидты бөлшектерінің сусыздануына байланысты. Тұнба түсу бейтарап немесе әлсіз қышқылды ортада, әсіресе натрий хлориді сияқты электролиттердің қатысында ғана жүреді. Органикалық еріткіштердің  0 ден -15° дейін төмен температураларда қысқа уақытта әсер етуі ақуыздың табиғи қалпын өзгертпейді, ал осы жағдайда ұзақ әсер ету ақуыз денатурациясына әкеледі.

Жұмыстың жасалу реті;  5 тамшы 1 % жұмыртқа (немесе ұн, соя) ерітіндісіне 20 - 25 тамшы 96° этил спирті не ацетонды қосады. Ерітінді лайланады. Оған 1 тамшы натрий хлоридінің қаныққан ерітіндісін тамызады. 

Біраз уақыттан кейін ақуыз тұнбаға түседі. Ақуызды әртүрлді реактивтермен тұндыру нәтижелері мына түрде кестеге енгізіледі:

 

Ақуызды тұндыру нәтижелері

 

№ рет

Ақуызды тұндыратын заттар тобы

Қолданылатын реактивтер

Тұнба түсі мен сипаты

Реакцияның жүру себебі және оның ерекшеліктері

1.

Органикалық еріткіштер

 

 

 

 

2.

Концентрлі минералды қышқылдар

 

 

 

3.

Органикалық қышқыл-дар

 

 

 

4.

Алкалоидты реактивтер

 

 

 

 

5.

Ауыр металдар тұздары

 

 

 

 

 

 

Диализ

Диализ деп өз бойындағы тесіктері арқылы жоғары молекулалық коллоидты бөлшектерді өткізе алмайтын мембраналар көмегімен заттарды бөлудің ерекше тәсілін айтады. Диализ коллоидты ерітінділерді төменгі молекулалық заттардан бөлудің тиімді әдісі ретінде саналады. Диализ кезінде коллоидтық ерітіндіні коллодийден немесе целлофаннан жасалған қапшыққа салады, оны дистилденген не құбырдағы суға орналастырады. Тұздар, қант және төменгі молекулалық заттардың молекулалары мембрана арқылы оңай өтеді де, ал табиғаты коллоидтық заттар қапшық ішінде қалады. Диализ әдісі ақуыздың  альбуминді және глобулинді фракцияларын бөліп алу үшін қолданылады. Диализ кезінде тұз концентрациясының біртіндеп азаюы нәтижесінде глобулиндер ерітіндіден тұнбаға түседі, ал альбуминдер ерітіндіде қалады.

Жұмыстың жасалу реті:

Коллодий қапшығын дайындау. Таза құрғақ пробиркаға (диаметрі 2,5-­3 см, ұзындығы 4-5см) толтырып коллодий құяды және оны қайтадан басқа ыдысқа ауыстырады. Пробирка қабырғаларында қалған коллодийдің мөлшері қапшықты дайындау үшін жеткілікті. Пробирканы алақандар арасында салып, коллодий ыдыс түбіне ағып кетпейтіндей, ол пробирканың ішкі қабырғаларында бірдей таралатындай етіп дөңгелетеді. Қолда пробирка қызады да, эфир мен спирт ұшып кетеді, ал коллодий құрғайды. 5-10 мин. соң  бұл пробиркаға су құяды. Коллодий қапшығы пробирка қабырғасынан бөлінген соң, пинцетпен өте мұқият түрде оны сыртқа шығарады. Коллодий қапшығының бүтін екенін білу үшін оған су құяды.

Ақуыздың тұзды ерітіндісін диализдеу. Коллодий қапшығына (диализатор) жұмыртқа ақуызының тұзды ерітіндісінің 1/3 көлемін құяды.Қапшықтвң жоғарғы бөлігін екі шыны таяқшамен қыстырады және оны 1-2 сағатқа стақандағы дистилденген суға салып қояды. 1-2 сағаттан соң диализаттың (сыртқы сұйықтық) және диализденетін сұйықтықтың (қапшық ішіндегі) аз мөлшерлерімен хлоридтерге және ақуызға реакция жасап, ақуыздың қапшық ішінде, ал минералды тұздардың сыртқы ыдысқа өткеніне көз жеткізеді.

Диализатты хлоридтерге тексеру. 10 тамшы диализатқа 1 тамшы 10% азот қышқылының ерітіндісін және 1 тамшы 1% күміс натратын қосады. Күміс хлоридінің ақ тұнбасы түзіледі.

Диализатты ақуызға тексеру. (биурет реакциясы).  10 тамшы диализатқа  5 тамшы 10% күйдіргіш натр ерітіндісін және  1 тамшы  1% мыс ку­поросы ерітіндісін қосады. Көк түс пайда болады,бұл диализатта ақуыздың жоқ екенін көрсетеді.

Диализденетін сұйықтықты ақуызға тексеру (биурет реакциясы).  10 тамшы коллодий қапшығындағы диализденетін сұйықтыққа 5 тамшы 10% күйдіргіш натр ерітіндісін және  1 тамшы  1% мыс ку­поросы ерітіндісін қосады. Қызыл-күлгін түс пайда болады, бұл диализденетін сұйықтықта  ақуыздың бар екенін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

            

 

 

 

 

 

               Сурет 1. Қарапайым диализатор

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Ақуыз деген не ?

2. Ақуыздардың жалпы сипаттамалары.

3. Ақуыз молекуласындағы аминқышқылдары қалай байланысқан?

4. Ақуыздардың жіктелуі.

5. Ақуыздардың қызметтері.

6. Диализ деген не және ол қандай мақсаттарға қолданылады ?

7. Ақуыздарды тұнбаға түсіру реакциялары неге негізделген ?

8. Ақуыздардың денатурациясы деген не ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 2 зертханалық жұмыс

 

Ақуыздар мен аминқышқылдарына түрлі-түсті реакциялар

 

Сабақтың мақсаты: Ақуыздар мен аминқышқылдарына тән сапалық реакциялармен танысу

                                                                                                                                               

Қажетті реактивтер мен жабдықтар:

Центрифуга, араластырғыш, шұңғымалар, су моншасы, пробиркалар, филь-трлеу қағазы, ет, сүт, бидай ұны, дист. су, 30 %  NaOH ерт.0, 10 %  NaCI ерт., конц.HNO3 ерт., 1 % CuSO4 еот., 10 % (NH4)2SO4 , 95 % ацетон ерт., конц. NH4OH

 

   Түрлі-түсті реакциялар биологиялық сұйықтықтардағы ақуыздардың қатысын және оның аминқышқылды құрамын анықтауға мүмкіндік береді.

   Биурет реакциясы ақуыздағы пептидтік байланысты ашады. Оны құрамында кем дегенде екі пептидтік байланысы бар молекулалар береді. Мыс сульфатын ақуыздың немесе полипептидтің күшті сілтілі ерітіндісіне қоқанда полипептидтік тізбектің ұзындығына байланысты қызыл немесе көк-күлгін түске боялған мыстың пептидтік топтармен қорсылысы түзіледі. Ақуыз ерітіндісі көк-күлгін түс, ал оның гидрлизінің өнімдері – пептондар – ашық қызыл немеес қызыл түс береді.

Нингидрин реакциясы α –аминтоптары үшін тән. Ақуыз ерітінділері, α-аминқышқылдары және пептидтер қыздырғанда нингидринмен көк немесе күлгін береді. Бұл реакцияда , α-аминқышқылдары және пептидтер нингидринмен тотығады және тотығып дезаминденеді және декарбоксилденеді, нәтижесінде аммиак, альдегид және CO2 түзіледі. Нингидрин тотықсызданады және аммиак арқылы нингидриннің екінші молекуласымен байланысады, нәтижесінде көк түске боялған конденсация өнімдері (Руэман комплексі) түзіледі. Нингидрин реакциясы аминқышқылды талдағыштардағы  α-аминқышқылдарының мөлшерін анықтау үшін қолданылады.

Ксантопротеин реакциясы ақуыздардағы бензол сақинасы бар тұйық  аминқышқылдарын – триптофанды, фенилаланинді, тирозинді анықтау үшін қолданылады. Көптеген ақуыздарды концентрлі азот қышқылымен қыздырғанда сары түс береді, ақуыз ерітіндісін сілтілегенде ол қызыл-сары түске айналады.  Реакция осы аминқышқылдарындағы бензол сақинасының нитрленіп сары түсті нитроқосылстардың түзілуімен байланысты.

 

Жұмыстың жасалу реті:

Ет ақуызы. Химиялық стақанға еттурағыштан өткізілген 40-50 г. майсыз етті саламыз, онда 80-100 мл. 10 %-тік натрий хлориді ерітіндісін қосып, оны жиі араластыратындай жағдайда 15-20 мин. қалдырамыз. Қоспаны қағаз фильтр арқылы немесе дәкенің қос қабаты арқылы қызыл түске боялған сұйықтықты бөліп аламыз. Ерітіндіде негізінен альбумин және глобулин болады.

Сүт ақуызы. 50 мл. Жаңа сүтке бірдей көлемде аммоний сульфатының қаныққан ерітіндісін қосамыз. Осы кезде тұнбаға глобулиндер және казеин түседі. Қағаз фильтр арқылы альбуминдердің ерітіндісін бөліп алады.

Өсімдік альбумині. 25 г. бидай ұнын 100 мл. Дистилденген сумен араластырып, оны 1 сағат араластырғышпен араластырамыз. Ұн жүзіндісін центрифугадан өткіземіз және тұнба үстіндегі сұйықтықты қағаз фмильтр арқылы сүземіз. Сүзілген мөлдір ерітіндіде негізінен бидай дәндерінің альбуминдері бар.

Биурет реакциясы. 1-2 мл. сұйытылған ақуыз ерітіндісіне екі есе көлемде 30 %-тік натрий хлориді ерітіндісін қосамыз,жақсылап араластырамыз және оған 2-3 тамшы 1 %-тік мыс сульфаты ерітіндісін қосамыз. Қоспаны тағы да араластырамыз. Қызыл-күлгін түс пайда болады. Ақуыз мөлшері аз болған жағдайда реакция сезімталдығын арттыру үшін ақуыздың сілтілік ерітіндісіне 1 мл. 1 %-тік мыс сульфаты ерітіндісін қосады. Біраз тұрған соң екі қабаттың шекарасында күлгін сақина түзіледі.

Нингидрин реакциясы. 2 мл. сұйытылған ақуыз ерітіндісіне 3-4 тамшы 95 %-тік ацетондағы 1 %-тік нингидрин ерітіндісін қосамыз,жақсылап аралас-тырамыз және оны су моншасына 700С-та бірнеше минут ұстаймыз. Көк-күлгін түс пайда болады.

Ксантопротеин реакциясы. 1 мл. сұйытылған ақуыз ерітіндісіне 5-6 тамшы концентрлі азот қышқылының ерітіндісін ақ тұнба немесе оралған ақуыз түзілгенше қосамыз, жақсылап араластырамыз. Қыздырғанда тұнба және ерітінді ашық-сары түске боялады. Бұл кезде тұнба толығымен ериді. Қоспаны суытып, оның қышқылдық ерітіндісіне, шайқамай,  тамшылатып концентрлі аммоний гидроксиді немесе сілті ерітіндісін сілтілік реакцияға дейін қосамыз. Алдымен тұнба түрінде түзілетін қышқылдық альбуминат еріп, сұйықтық  ашық-сары-қызыл түске боялады.

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Ақуыздарға түрлі-түсті реакцияларды жасаудың мақсаты қандай?

2. Биурет реакциясымен ақуыздардағы қандай байланыстарды ашуға

    болады ?

3. Нингидрин реакциясымен ақуыздардағы қандай топтарды анықтауға

    болады ?

4. Ксантопротеин  реакциясымен ақуыздардағы қандай аминқышқылдарын  табуға болады ?

5. Күрделі ақуыздардың қарапайым ақуыздардан айырмашылығы неде ?

 

 

 

 

 

 

№ 3 зертханалық жұмыс

 

Сілекей амилазасының термолабильділігін анықтау

 

Сабақтың мақсаты: Сілекей амилазасының термолабильділігін анықтау

                                                                                                                                               

Қажетті реактивтер мен жабдықтар:

Пробиркалар, шұңғымалар, су моншасы,  фарфорлы келі, электрлік қыздырғыш, дәке, сілекей, картоп, дистилденген су, 0,5 % -тік крахмал ерітіндісі, 0,1 % -тік йодтың спирттегі ерітіндісі.

 

 

Ферменттердің термолабильділігі

 

Ферментттерді қайнатқанда бұзылу қасиеті оларды басқа катализатор-лардан ерекшелейтін қасиеті болып табылады және бұл ферменттердің термолабильділігі деп аталады. Біраз уақыт қайнатқан соң ферменттер каталиттік әсер көрсету қабілітінен айрылады. Қайнау кезінде каталиттік белсенділіктің жоғалуы ферменттердің денатурациялануына байланысты. Аз уақыт ішінде қыздырғанда кейбір ферменттер қайтымсыз денатурацияға ұшырайды (И. П. Павлов), яғни біртіндеп суытқанда қайтадан белсенді күйге ауысады. Ферменттердің құрғақ препараттары активтілігін жоғалтпай  100°С деінгі қыздыруға шыдайды. Төменгі температураларда ферменттер жақсы сақталады. Температураны белгілі бір шекке дейін арттыру немесе азайту ферменттік реакцияның жылдамдығын анағұрлым өзгертеді.

 

Жұмыстың жасалу реті:

 

 2 пробиркаға  5 тамшыдан сілекей және  20 тамшыдан  дистилденген су тамызады; демек 5 есе сұйылған сілекей ерітіндісін аламыз. Бір пробиркадағы сілекей ерітіндісін 2-3 минуттай қайнатамыз және ағынды су астында суытамыз, ал екінші пробиркадағы сілекей ерітіндісін қайнатпай, өзгеріссіз қалдырамыз. Мұнан соң екі пробиркаға да 10 тамшыдан  0,5% -тік крахмал ерітіндісін қосамыз, пробиркалардағы сұйықтықтарды араластырамыз және бөлем температурасында қалдырамыз. 5 минуттан соң әр пробиркадағы қоспаны екіге бөлеміз. Оның бір бөлігімен йодтың крахмалға реакциясын, ал келесі бөлігімен  - Фелинга немесе Троммер реакциясымен қантты анықтаймыз. Қайнатуға ұшыраған пробиркада фермент бұзылады да, онда крахмалдың ыдырауы жүрмейді. Жұмыс нәтижелерін кесте түрінде жазамыз.

 

 

 

 

 

Зерттеу материалы

 

Субстрат

Бақылау реакциялары

Реакцияның жүруі неге байланысты

 крахмалмен  йодты анықтау

 Фелинг реакциясымен қантты анықтау

Жаңа сілекей

Крахмал

 

 

 

Қайнатылған сілекей

 

 

 

 

 

 

 

Температураның ферменттік катализ жылдамдығына әсері

 

Ферменттік реакция жылдамдығы температураны әр 10°С арттырғанда заңды түрде 2- 4 есе артады.  45-50°С –тан бастап қыздыру әсерінен  ферменттің денатурациясы басталады. Фермент құрылысының біртіндеп бұзылуы ферментпен катализденетін негізгі химиялық процестің баяулауына, соңынан, тіпті тоқтатылуына әкеледі. Ферменттердің табиғи қасиеті сақталатын және олардың әсері ұзақ уақыт байқалатын ең жоғары температураны оңтайлы (оптималды) температура деп атайды. Жануар тектес көптеген ферменттер үшін оңтайлы температура 40-45°С арасында болады. Өсімдік тектес ферменттердің оңтайлы температурасы жоғарырақ аймақта жатады (50-60°С).

 

Жұмыстың жасалу реті:

 

4 нөмірленген пробиркалардың әрқайсысына  10 тамшыдан 0,5% -тік крахмал ерітіндісін. Тамызады және бірінші пробирканы мұзға салады, екіншісін бөлме температурасында ұстайды (15-16°С), үшіншісін – су моншасында  45°С температурада және төртіншісін - при 75°С температурада ұстайды. 4 басқа  пробиркаларға 2-З мл дистилденген су және  1 тамшыдан 0,1% -тік йод ерітіндісін құяды. 5 минуттан соң  крахмалы бар пробиркаларға 10 тамшыдан сілекей ерітіндісін (10 есе сұйылтып) қосады, араластырады және сәйкес 0, 15, 45, 75°С ұстайды.  Ферменттің  субстратқа әсері 5 минутқа созылған соң әр тәжірибелік үлгіден  1-2 тамшы сұйықтықты алып, оны алдын-ала дайындаған йоды бар пробиркаларға қосады. Егер барлық пробиркалардағы сұйықтықтар көк түске боялса, онда йодпен реакцияны 5 минуттан соң қайтадан жаңа дайындалған пробиркаларда өткізеді.

Йодпен өткізген реакциялардағы ерітінді түсінің әртүрлі болуы, демек, крахмалдың гидролизінің әртүрлі дәржеде өтуі тәжірибе жасалатын температуралық жағдайларда ферменттік катализ жылдамдығының әртүрлі болуына байланысты. Ферменттік реакциялардың ең жоғары жылдамдығы 45°С температурада, ал ең азы -  0 және 75°С температураларда байқалады.

Жұмыста йодтық үлгіні анықтаудың сәтті мезетін өткізіп алмау қажет, себебі ұзақ гидролиз кезінде крахмалдың толық ыдырауы тәжірибенің төменірек температурасында да жүруі мүмкін. Жұмыс нәтижелерін кесте түрінде өрнектейді.

 

Тәжірибе температуралары

 

0°

15°

45°

75°

Йодпен реакция кезіндегі зерттелетін ерітін-дінің түсі

 

 

 

 

Боялған өнімнің аталуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Ферменттер дегеніміз не?

2. Ферменттердің жіктелуі.

3. Ферменттердің құрылысы.

4. Ферменттердің әсер ету механизмі.

5. Ферменттік реакциялардың жылдамдықтарына қандай факторлар әсер  етеді?

6. Апофермент және кофермент дегенміз не ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 4 зертханалық жұмыс

І-бөлім

 

Дәрумендерге сапалық реакциялар. С дәруменін (аскорбин қышқылы) сандық анықтау

Сабақтың мақсаты: Дәрумендерге сапалық реакциялар. С дәруменін (аскорбин қышқылы) сандық анықтау.

 

Қажетті реактивтер мен жабдықтар:

Пробиркалар, штативтер, шұңғымалар, фарфорлы келі, 50 мл ( 6 дана) өлшеу колбалары, қағаз фильтрлер,  50 мл. ( 6 дана) конус тәрізді колбалар, пипеткалар ( көлемдері 2, 5, 10 мл.), дистилденген су, итмұрын, қылқанжапырақ, картоп, пияз, сүт, орамжапырақ, ашытқы, 0,001 н. немесе 34,4 г/л ретинол ацетатының майлы ерітінідісі, конц. H2SO4, хлороформ, үшхлорлы сурьма, 23 % хлороформ ерітіндісі, FeCI3 , сірке ангидриді,  цистеина ерітіндісі – 0,25 г/л, натрий гидроксиді – 100 г/л, викасол – 0,5 г/л,  Е дәрумені ( 0,1 % спирттік ерітіндісі), сахароза (ұнтақ күйде),  С дәрумені, конц. HNO3 ерітіндісі, 0,001 н.  2,6 – дихлорфенолидофенолдың Na –тұзы, тұз қышқылы– 20 г/л.

 

Майда еритін дәрумендер

 

Дәрумендер деп ағзаға тағаммен енетін және өте аз мөлшерлерде заттар алмасуы мен ағзаның тіршілігіне едәуір әсер ететін, химиялық табиғаттары әртүрлі органикалық заттарды айтады. Дәрумендер негізінен дерлік өсімдіктерде түзіледі. Адам және жануарлар дәрумендерді тағамнан дайын түрінде немесе ағзада дәруменге айналатын дәрумендерге дейінгі заттар түрінде алады.

Тағамда дәрумендер жетіспеген кезде адам мен жануарлар жалпы атауы «авитаминоз» деп аталатын ауыр науқасқа ұшырайды. Оларға қырқұлақ, мешел, «тауық соқырлығы», пеллагра, бери-бери және т.б. жатады. Тағамда дәрумендер жетіспеген кездегі жағдайды гиповитаминоз деп те атайды, ол бұл ауруға тән белгілермен сипатталады: әлсіздік, шаршаңқылық, бой өсуінің тежелуі т.б., олар әдетте бірден анықталмайды.

Дәрумендер жоғарғы өсімдіктер мен микроағзалардың қалыпты өсуі үшін де қажет. Жоғарғы ретті өсімдіктердің кейбір ұлпалары, мысалы, тамыры, камбиалды ұлпалары, сонымен бірге, тұқымдарынан бөлініп алынған, қараңғыда өскен өсімдіктердің өнген дәндері дәрумендерді жасап шығаруға қабілетсіз, сондықтан оларды сырттан қажет етеді. Тағамдық ортаға тиамина және пиридоксинді қосу көптеген өсімдіктердің оқшауланған қабыршықтарының өсуін ынталандырады.

Дәрумендер суда еритін және майда еритін деп бөлінеді. Суда еритін дәрумендерге мыналар жатады: тиамин, рибофлавин, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы және т.б. (немесе В1, В2, В6, В12, РР, С және т.б.). Майда еритін дәрумендерге мыналар жатады: ретинол, эргокальциферол және холекальциферол, филохинондар және токоферолдар ( А, D2, D3, К, Е дәрумендері). Қазіргі кезде 20 дан астам дәрумендер ашылған. Дәрумендер адам мен жануарларға өте аз мөлшерде, атап айтқанда, миллиграмммен немесе тіпті гаммамен өлшенетін (кальциферолдар, кобаламин) шамада қажет. Кейбір суда еритін дәрумендер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіретіні анықталған. Майда еритін дәрумендердің заттар алмасуына қатысу механизмі әлі толық зерттелген жоқ.            Дәрумендердің негізгі көздері кәдімгі ас тағамдарында жинақталған: бауыр, бүйрек, жұмыртқа, ет, сүт, май, нан, дәнді дақылдар, жемістер мен бақша дақылдары. Оларды белгілі қатынаста тиімді пайдалану тірі ағзаның мұқтаждығын толығымен өтей алады. Ағзаның дәрумендерге деген қажеттілігі тағамдану түріне және кейбір физиологиялық, патологиялық жағдайларға байланысты өзгереді, мысалы, жүктілік кезінде, баланы емізу, инфекциялық аурулар кезінде т.б.. Дәрумендерді әдеттен тыс мөлшерде қабылдау гипервитаминоз ауруына әкеледі.

Ас тағамдарындағы, дәрілік шөптердегі және т.б. заттардағы дәрумендердің түрін оларға сапалық түрлі-түсті реакциялар жасап анықтауға болады. Дәрумендердің сапалық реакцияларын зерттеу кезінде олардың нәтижелерін келесі кестеге енгізген ыңғайлы.

 

Зерттелетін материал

Дәруменнің аталуы

Дәруменнің химиялық құрылысы

Қолданылатын реактивтер

Реакция нәтижесін-де түзілетін түс

Реакцияның жүруі неге байланысты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 А дәруменіне сапалық реакциялар

 

А дәрумені күкірт қышқылымен әсерлескенде қызыл-күлгін немесе қызыл-бурыл түске боялады, темір хлоридімен сары-жасыл түс береді.

Реактивы, исследуемый материал:

1) ретинола ацетатының майлы ерітіндісі - 34,4 г/л; 2) концентрлі күкірт қышқылы; 3) хлороформ; 4) үшхлорлы сурьма, 23% хлороформ ерітіндісі.

Жұмыстың жасалу реті:

 А дәруменіне күкірт қышқылымен әсер ету реакциясы. Құрғақ пробиркаға 1 тамшы ретинол ацетаты ерітіндісін және  5 тамшы хлороформ тамызамыз, араластырамыз және 1 тамшы концентрлі күкірт қышқылын қосамыз. Реакция нәтижесін белгілейміз.

 А дәруменінің  темір(ІІІ) хлоридімен реакциясы. Құрғақ пробиркаға 1 тамшы ретинол ацетаты ерітіндісін және  5 тамшы хлороформ тамызамыз, араластырамыз және 3 тамшы темір хлоридін қосамыз. Реакция нәтижесін белгілейміз.

А дәруменінің үшхлорлы сурьмамен реакциясы. Құрғақ пробиркаға 1 тамшы ретинол ацетаты ерітіндісін және  2-3 тамшы  23% үшхлорлы сурьманың хлороформдағы ерітіндісін қосамыз. Араластырған соң пробиркадағы қоспа көк түске боялады.

 

 

Ашытқыдағы эргостеролды анықтау

 

Эргостерол құрылысы бойынша холестеринге ұқсас, сондықтан сірке ангидридімен және күкірт қышқылымен өзіне тән көк немесе жасыл түс береді.

Реактивтер, зерттелетін материал:

1) ашытқы; 2) хлороформ; 3) сірке ангидриді; 4) концентрлі күкірт қышқылы.

 

Жұмыстың жасалу реті:

Аз мөлшердегі ашытқыны пробиркаға орналастырамыз, мұнан соң 15-20 тамшы хлороформ қосамыз, араластырамыз. Алынған экстрактты сүзгілейміз. Оған 5 тамшы сірке ангидридін және концентрлі күкірт қышқылын қосамыз. Реакция нәтижесін белгілейміз.

 

Викасолға сапалық реакция

Викасол сілтілік ортада цистеин қатасында  лимон тәріздес сары түске боялады.

Реактивтер, зерттелетін материал:                       

1)  цистеин ерітіндісі - 0,25 г/л; 2) күйдіргіш натр ерітіндісі - 100 г/л;3)  викасол ерітіндісі - 0,5 г/л.

 

Жұмыстың жасалу реті:

 5 тамшы викасол ерітіндісіне сондай көлемде цистеин ерітіндісін және  1 тамшы күйдіргіш натр ерітіндісін қосамыз. Реакция нәтижесін белгілейміз.

 

 Е дәруменіне  азот қышқылымен сапалық реакция

 

Әдіс ұстанымы:

Е дәруменінің спирттік ерітінідісі концентрлі азот қышқылының қатысында  қызыл түске боялған хиноидты қосылысқа дейін тотығады,

 

Реактивтер, зерттелетін материал:

1) Е дәруменінің 0,1 % спирттік ерітіндісі; 2) концентрлі азот қышқылы; 3) ұнтақталған сахароза.

 

 

 

Жұмыстың жасалу реті:

 

Құрғақ пробиркаға 6 тамшы  Е дәруменінің 0,1 % спирттік ерітіндісін енгізеді, онда сахарозаның бірнеше ұнтағын қосады. Пробирка қабырғасымен абайлап  10 тамшы концентрлі азот қышқылын тамызады. Пробирканы жайлап қозғайды. 1-2 минуттан соң қызыл немесе қызғылт-сары түстің пайда болғанын байқаймыз.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Дәрумендер дегеніміз не ?

2. Авитаминоз деген не ?

3. Дәрумендердің негізгі жіктері қандай ?

4. А дәруменінің химиялық құрылысы мен физиологиялық әсеріне сипаттама беріңіз.

5.  Д дәруменінің құрылысы, физиологиялық әсері қандай ?

6.  Дәрумендердің сапалық реакциялары қандай ?

 

№ 4 зертханалық жұмыс

ІІ-бөлім

 

Суда еритін дәрумендер (С, Р, В1, В2, В6, РР)

 

 С дәрумені (аскорбин қышқылы). Аскорбин қышқылы лактон болып саналады. Бұл қосылыстың қышқылдық қасиеттері екі енолдық гидроксилмен байланысты, олар диссоциацияға қабілетті (әсіресе 3-ші жағдайдағы). Аскорбин қышқылының дәрумендік белсенділігі онда лактондық сақинаның болуымен түсіндіріледі. Ол ашылған соң  (2,3-дикето-L-гулон қышқылы түзіледі) дәруменнің белсенділігі жоғалады. Аскорбин қышқылы қайтымды түрде  дегидроаскорбин қышқылына айналады, ол дәруменнің транспорттық түрі болып саналады. Аскорбин қышқылы  L-гулонолактоннан түзіледі. Оны түзетін ферменттер  приматтарда, теңіз шошқасында жоқ. Дәл осы себепті олар үшін аскорбин қышқылы – тағамның эссенциалды факторы, яғни дәрумен болып табылады (егеуқұйрық пен иттерде С дәрумені ағзада түзіледі).

Негізгі көздері: жазда - итмұрын, қара бүлдірген, бүлдірген, жасыл пияз, қымыздық, жидектер; қыста - пияз, орамжапырақ, картоп, жылулық өңдеуге ұшырмаған жидектер. С дәруменін ылғалортада және жарық түсетін жерде сақтауға болмайды. Күнделікті қажеттілігі – 70-120 мг.

С дәруменінің жетіспеушілігі қырқұлақ ауруына әкеледі. Негізгі белгілері: жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ағзаның қарсы тұру қасиетінің кемуі; тіс түбірінің қан аққыштығы, қан тамырларының сынғыштығы себепті қанның ағуы; сүйектің морт сынғыштығы, тіс жегісінің жедел қарқын алуы; - қайта қалпына келу процестерінің кемуі, анемияның дамуы.     

Р дәрумені (өтімділік дәрумені). Р дәрумені – флавон туындысының заттар тобына (дифенилпропанды қаңқа, яғни екі ароматтық сақина  үшкөміртекті алифатты үзіндімен қосылған) жатады. Шай ағашының жапырақтарында негізгі әсер етуші зат катехин бар;  гречка жапрырақтарында рутин (агликон-кверцетин, қант-рутиноза) бар;  цитрус тектестердің қабығынан гесперидин (цитрин) бөлініп алынған. Әртүрлі негізгі көздерден алынған және сипатталған  биофлавоноидтардың қатары жыл сайын артуда.        

Биологиялық әсері. Аскорбин қышқылымен байланыс түзуіне байланысты. Р дәрумені аскорбин қышқылын  дегидроаскорбин қышқылына айналудан сақтайды, сонымен бірге дегидроаскорбин қышқылын глутатион қатысында  аскорбин қышқылына айналдырады. Р дәруменінің ұлпалық тыныс алуға қатысуы туралы мәліметтер де бар. Р дәрумені капиллярлар қабырғаларының өтімділігін реттейді, бұл  гиалуронидаза белсенділігінің тежелуінен болуы мүмкін. Биофлавоноидтар суда еритін антиоксиданттар болып саналады; олар үшін сонымен бірге  гиполипидемиялық әсер де тән.

Негізгі көздері: С дәрумені бар тағамдар; гречка гүлдері мен жапырақтары, цитрусты жемістер және т.б. . Күнделікті қажеттілігі –30-50мг.

Гиповитаминоз жағдайы С дәруменінің жеткіліксіздігіне ұқсас (ең алдымен майда қан тамырлары бұзылады). Осыған байланысты С және Р  дәрумендерінің препараттарын бірге пайдаланған ыңғайлы: аскорутин, галаскорбин шай катехиндерін  аскорбин қышқылымен бірге.

В1 дәрумені (тиамин, антиневриттік). Тиаминнің химиялық құрылысының негізінде  пиримидин және тиазол сақиналарынан түзілген құрылым жатыр, олар метилен көпірлерімен қосылған. Төртіншілік азот негізгі қасиеттер көрсетеді, сондықтан қышқылды ортада тиаминхлорид түріндегі тұз түзіледі. Тиамин қышқыл ортада тұрақты және 140°С дейінгі қыздыруға шыдайды. Сілтілік ортада бұзылады. АТФ-қа тәуелді тиаминдифосфотрансфераза (негізінен мида, бауырда) тиаминді активті түрдегі тиаминдифосфатқа айналдырады (тиаминпирофосфат).

Тиаминдифосфат  кофермент ретінде екі маңызды реакцияға қатысады:

1) кетоқышқылдардың (пируват, кетоглутарат, сонымен бірге, аминқышқылдарының тармақталған радикалы бар кетоаналогтары - лейцин изолейцин және валин) тотығып декарбоксилденуі; бұл реакциялар катаболизмнің жалпы жолында орталық орын алады; 2) транскетолазды, пентозофосфаттық жолдың тотығу емес бағытындағы реакциялар; бұл реакцияларда нуклеотидтердің биосинтезіне қатысатын пентозофосфаттар қатысады.

Негізгі көздері: дәнді дақылдардың қабықшалары, қара нан, гречка ұны, бұршақ. Жануарлар ағзасында В1 дәрумені ең көп мөлшерде бауырда, бүйректе, жүрек бұлшық етінде, мида болады. Күнделікті қажеттілігі - 2 мг.

В2 дәрумені (рибофлавин). Рибофлавин молекуласының негізінде гетероциклді қосылыс изоаллоксазин (бензол, пиразин және пиримидиновых сақиналарының бірікпесі) жатыр, ондағы 9-жағдайға рибитол спирті (6,7-диметил-9-D-рибитил-изоаллоксазин) қосылған. Рибофлавин суда жақсы ериді, қышқыл ортада тұрақты, бірақ бейтарап және сілтілік орталарда оңай бұзылады; кәдімгі және  ультракүлгін сәулелерге өте сезімтал және қос байланыстар бойынша (1 және 10 жағдайларға) сутекті оңай қосып, қайтымды тотықсыздануға ұшырайды, бұл кездн ол қызғылт-сары түстен түссіз лейкоформаға айналады. Рибофлавиннің бұл қасиеті – яғни оңай тотығуы және тотықсыздануы,  В2 дәруменінің биологиялық әсерінің негізінде жатыр.

Негізгі көздері: бауыр, бүйрек, жүрек, сүт, ашытқы. Күнделікті қажеттілігі – 2-4мг.         

В2 және РР дәрумендері жеткіліксіз болған жағдайда пеллагра ауруы пайда болады. Дерматиттің көптеген белгілері осы дәрумендермен бірге емдегенде жоғалады. В2 дәрумендері жеткіліксіз болған жағдайда адамдарда хейлоз ауруы  пайда болады (ауыз қуысы шеттерінің жарақаты), ангулярлы стоматит, глоссит (тілдің қабынуы), көздің жарақаттануы (фотофобия, кератит, көз қан тамырлары-ның мүйізді қабықшаға қарай өсуі, катаракта); жүрек бұлшық еттерінің  метаболиттік бұзылулары және анемия пайда болуы мүмкін.  В2 дәрумені өте жеткіліксіз болған жағдайда өлім алдындағы жағдай туындауы мүмкін. Антибиотиктер және  сульфаниламид препараттарымен ішек микрофлорасын басқан кезде  В2 дәруменінің гиповитаминозы туындайды, себебі рибофлавин ішек микрофлорасынантүзілуі мүмкін.

РР дәрумені (никотинамид, никотин қышқылы ниацин, антипеллагралық, В5) пиридин қатарындағы қосылыс. Оның толық атауы «preventive pellagra» ( пеллаграны ескерту).

Негізгі көздері: жануарлар бауыры, бүйрегі. Жүрегі, ет, балық, дәнді дақылдар, бақша дақылдары. Ниациннің көп мөлшері дәнді дақылдар мен ашытқыда болады. Күнделікті қажеттілігі– 15-25мг.

РР дәруменінің жеткіліксіздігі мына жағдайларда туындайды: 1) әрдайым маиспен тамақтанғанда. Маисте ниацин байланған түрде - ниацитина (онан ниацин сілтімен өңдегенде босауы мүмкін) түрінде болады; 2) әрдайым соргомен тамақтанғанда, оның дәндерінде лейциннің көп мөлшері бар – ол триптофанды өзгертетін НАД-хинолин-фосфорибозилтрансфераза негізгі ферментінің ингибиторы ретінде саналады; 3) Триптофанды хинолин қышқылына айналдыратын  В6 дәрумені және оның коферменттік түрі пиридоксальфосфаттың жеткіліксіздігі жағдайында; 4) ұзақ уақыт туберкулезге қарсы препарат изониазидті қолданғанда; 5)  карциноидном синдром атты ісік жағдайында (триптофанның  НАД-ға емес, серотонинге жедел түрде айналуы мүмкін); 6)  Хартнуп ауруы кезінде (триптофанның абсорбциясының бұзылуы).

РР, В6 и В2 дәрумендері бірдей жетіспеген жағдайда пеллагра ауруы пайда болады,оның негізгі белгілері: 1) терінің бұзылуы- дерматит; 2) асқазан-ішек жолының бұзылуы - диарея; 3) жүйке қызметінің бұзылуы - деменция. Осы кезде әртүрлі зат алмасу процестерінің бұзылуы байқалады. Ағзаданг РР дәрумені метилникотинамид түрінде несеппен бірге шығады.. Сондықтан гиповитаминоз жоқ кезде никотинамидтің үлкен мөлшерін тағайындау дұрыс емес, себебі оның бөлінуі үшін метил тобы қажет. Бұл кезде метилдеу және  трансметилдеу процестері бұзылуы мүмкін, липотроптты заттардың жетіспеушілігі байқалады.. Никотин қышқылы (бірақ никотинамид емес) үлкен мөлшерде (грамммен шамалас) атеросклерозды емдеу үшін қолданылады.. Никотин қышқылы ЛПОНП ктаболизмін арттырады. Бірақ қан қысымы төмен  жүрек ауруына ұшыраған адамдарға ниацинді қолдануға болмайды, себебі оның қан қысымын кемітетін вазодилатациялық әсері бар. Дәрумендерге қарсы заттар (антивитаминдер): 3-ацетилпиридин, 6-аминоникотинамяд, изониазид (НАД-қа ұқсас зат).

 В6 дәрумені (пиридоксин, антидерматиттік дәрумен) дәрумендік белсенділікке ие үш туындыдан тұрады: пиридоксол, пиридоксаль, пиридоксамин. Пиридоксальдың және пиридоксаминнің фосфорланған туындылары В6 дәруменінің коферменттік қызметін атқарады.

Негізгі көздері: сыра ашытқысы, жануарлар бауыры, жүрегі, бүйрегі, ет, балық, дәнді дақылдардың бүтін немесе майдаланған дәндері, бұршақ, жаңа көк бұрыш. Дәрумен табиғатта кеңінен таралған,өсімдіктер мен микроағзалар көмегімен, оның ішінде ішек микрофлорасы арқылы, түзіледі. Күнделікті қажеттілігі – 2-3мг, жүкті әйелдер үшін – 6-7мг.

 

 С дәруменінің қылқанжапырақтағы, итмұрындағы, картоптағы, пияздағы, сүттегі, орамжапырақтағы сандық мөлшерін Тильманс әдісі бойынша анықтау

 

Әдіс ұстанымы:

Аскорбин қышқылын сандық анықтау оның 2,6-дихлорфенолиндофенолмен   дегидроаскорбин қышқылына дейін тотығу қабілетіне негізделген. Анықтау берілген сұйықтықты 0,001н. 2,6-дихлорфенолиндофенолмен аскорбин қышқылын  бұзылудан сақтау шарты жағдайында (қышқыл орта) титрлеуге негізделген.  0,001н. 2,6-дихлорфенолиндофенолдың 1 мл аскорбин қышқылының  0,001н. ерітіндісінің 1 мл, немесе 0,0005 ммоль (0,088мг) сай келеді. Аскорбин қышқылының мөлшерін (Х) есептеу үшін мына теңдеу қолданылады:

 

   

мұнда 0,088 (0,0005) – 1мл 0,001 н.  2,6-дихлорфенолиндофенолға сәйкес келетін  аскорбин қышқылының мөлшері (мг, ммоль),  а – титрлеуге жұмсалған  2,6-дихлорфенолиндофенол ерітіндісінің көлемі, мл; б – сығындының жалпы мөлшері, мд; в – талдау үшін алынған заттың массасы, г – титрлеу үшін алынған сығындының мөлшері, мл; 1000 -  1кг өнімді қайта есептеу үшін алынған коэффициент.

Реактивтер, зерттелетін материал:

1)  2,6-дихлорфенолиндофенолдың натрий тұзының ерітіндісі, 0,001н.; 2) тұз қышқылының ерітіндісі - 20 г/л; 3) құрғақ итмұрын және қылқанжапырақ; 4) картоп; 5) пияз; 6) сүт; 7) орамжапырақ.

 

Жұмыстың жасалу реті:

Итмұрын мен қылқанжапырақтағы С дәруменінің мөлшерін анықтау.

Құрғақ итмұрын мен қылқанжапырақты (0,5 г) фарфорлы келіде  2 мл тұз қышқылының ерітіндісімен мұқият езгілейді, араластырады және өте сақтықпен шыны таяқша көмегімен келі құрамындағы қоспаны шұңғыма арқылы сыйымдылығы 50мл өлшеу колбасына ауыстырады. Келі мен келсапты тұз қышқылымен қосымша шаяды және жуған сұйықтықты сығындының жалпы мөлшеріне қосады. Өлшек колбасындағы сұйықтық көлемін дистилденген сумен белгіге дейін жеткізеді, колбаны тығынмен жабады және ондағы қоспаны бінеше рет араластырады. Сығындының кішкене үлесін қағаз сүзгі арқылы сүзіп алады (фильтратты титрлеу үшін қолданады). Сыйымдылығы 50мл екі колбаға  2 мл-ден итмұрын сығындысын немесе 10мл қылқанжапырақ сығындысын (итмұрын сығындысына 8мл тұз қышқылының ерітіндісін қосады) алады. Колбадағы ерітіндіні 2,6-дихлорфенолиндофенолмен 30 сек ішінде жоғалмайтын раушан түсті бояу түзілгенге дейін титрлейді . Аскорбин қышқылының мөлшерін есептейді.

Картоптағы  С дәруменінің мөлшерін анықтау. Картопты (5г) майдалап, фарфорлы келіде біртіндеп 1 мл тұз қышқылын және 15 мл дистилденген су қосып езгілейді. Алынған  массаны  конус тәрізді колбаға ауыстырады. Келіні сумен  шаяды және шыны таяқшаның бойымен колбаға ауыстырады. 2,6-дихлорфенолиндофенол ерітіндісімен титрлейді. Аскорбин қышқылының мөлшерін есептейді.

Орамжапырақтағы С дәруменінің мөлшерін анықтау. 1г орамжапырақтағы өлшеп алады, оны келіде 2мл тұз қышқылымен езігілейді,  8мл су қосады және сүзгілейді. Титрлеу үшін 2мл фильтрат өлшеп алады, оған 10 тамшы тұз қышқылын қосады және 2,6-дихлорфенолиндофенолмен раушан түс пайда болғанға дейін титрлейді. Аскорбин қышқылының мөлшерін есептейді.

 

Сүттегі С дәруменінің мөлшерін анықтау. 10 мл сүтке  10 тамшы тұз қышқылын және 10 мл су қосады,  2,6-дихлорфенолиндофенолмен раушан түс пайда болғанға дейін титрлейді. Аскорбин қышқылының мөлшерін есептейді.

 

Пияздағыі С дәруменінің мөлшерін анықтау. 0,5 г пиязды  өлшеп алады, оны келіде 2мл тұз қышқылы мен   20 мл су қосып, езгілейді және сүзгілейді.  2,6-дихлорфенолиндофенолмен раушан түс пайда болғанға дейін титрлейді. Аскорбин қышқылының мөлшерін есептейді.

 

 

 

 

 В2 дәруменіне сапалық реакциялар

Әдіс ұстанымы

 В2 дәруменінің тотыққан түрі ультракүлгін сәуледе сары түске  флюоресценцияланатын зат. В2 дәруменіне сапалық реакция оның оңай тотықсыздану қабілетіне байланысты; осы кезде сары түске ие  В2 дәруменінің ерітіндісі, алдымен қызғылт-сары түске боялады (аралық қосылыстардың түзілуі себепті), ал мұнан соң түссізденеді (В2 тотықсызданған түрі түссіз).

Реактивтер, зерттеу материалы:

1) концентрлі тұз қышқылы; 2) металды мырыш; З)  В2  дәрумені, 0,025% ерітіндісі (анықтау алдында ерітіндіні  5 есе сұйылтуға болады).

Жұмыстың жасалу реті: Пробиркаға 10 тамшы В2 дәруменінің ерітіндісін құяды, оған  5 тамшы концентрлі тұз қышқылын қосады және  металды мырыштың дәнін қосады. Сутек көпіршіктерінің бөлінуі басталады, сұйықтық біртіндеп жидкость раушан түске боялады, мұнан соң түссізденеді.  В2 екі түрін  флюоресценция бойынша салыстырады, ол үшін оларды  флюороскопқа салады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Дәрумендер деген не?

2. Авитаминоз деген не ?

3. Тағамда дәрумендердің жеткіліксіздігі қандай ауруға әкеледі ?

4. Дәрумендердің негізгі түрлері ?

5. Дәрумендер алынатын табиғи көздер.

6. Дәрумендерді ашқан ғалымдар және олардың еңбектері қандай?

7. С дәруменіне сипаттама беріңіз.

8. С дәруменінің биологиялық құндылығы неде ?

9. С дәруменінің физиологиялық әсері қандай ?

10. С дәруменінің негізгі көздері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 5 зертханалық жұмыс

 

Гормондар. Адреналинге сапалық реакциялар

 

Сабақтың мақсаты: Гормондарға, оның ішінде адреналинге сапалық реакциялармен танысу    

Қажетті реактивтер мен жабдықтар:

Пробиркалар, дист. су,  адреналин ерітіндісі– 1 г/л,  FeCI3 ерітіндісі,  NaOH ерітіндісі – 100 г/л,   KI (1 %) ерітіндісі, 10 % CH3COOH ерітіндісі.

 

Гормондар. Адреналинге сапалық реакциялар

 

Гормондар деп  химиялық құрылысы әртүрлі биологиялық активті заттарды айтады, олар арнайы ішкі секреция бездерімен жасалады, қанға түседі және дене мүшелері мен ұлпаларындағы заттар алмасуына реттеуші әсер етеді.

 Ішкі секреция бездерінің арнайы шығу жолдары жоқ, сондықтан олар өз өнімдерін тікелей қанға немеесе лимфаға бөледі.

Асқазан асты безі және жыныстық бездер ішкі секрециядан бөлек сыртқы секрецияға да ие болады.

Ішкі секреция бездерінің  мыналар жатады:

1) қалқанша безі– glandulae thyreoidea;

2) парақалқанша безі - glandulae parathyreoidea;

3) бүйрек үсті бездері - glandulae adrenales или suprarenales;

4) асқазан асты бездері - pancreas; оның « Лангерганс аралшалары» деп аталатын бөлігі ішкі секреция бездеріне де ие болады.

5) жыныс бездері: еркектік ұрық жолы - testes и аналық жұмыртқа - ovaria;

6) гипофиз, немесе ми қосымшасы, glandulae pitutaria или hipophysis cerebri;

7) зоб бездері - glandulae thymus;

8) Ми эпифизі – ми қосымшасы.

Ішкі секреция бездерінің іс-әрекеті орталық жүйке жұмысы арқылы басқарылады. (И. П. Павлов).

Химиялық табиғаты бойынша гормондарды негізгі екі топқа бөледі: 1) аминқышқылдарынан немесе полипептидтік құрылысты табиғаты ақуыздық гормондар; 2) табиғаты стеринді гормондар.

Бірінші топқа гипофиздің алдыңғы және соңғы бөлігінің гормондары, қалқанша без, асқазан асты безінің гормондары, бүйрек үстінің мишық қаьбатының гормондары.

Екінші топқа бүйрек үстінің беттік қабатының гормондары және әйел мен еркектің жыныстық без гормондары жатады.

Өсімдік тектес ағзаларда фитогормондар деп аталатын, өздерінің түзілу аймағынан алыс бөліктерде күшті физиологиялық әсеоге ие болатын заттар да бар.

Қалқанша без гормондары: тироксин, немесе тетрайодтиронин, ди- және трийодтиронин ақуыздар, майлар мен көмірсулардың алмасуына күшті ықпал жасайды.

 

Бүйрек үстінің мишық қабығының гормондары - адреналин және норадреналин

 

Адреналин және оның алдыңғы заты норадреналин бүйрек үстінің мишық қабығының жасушаларымен жасалады (аd - үсті, renum - бүйрек). Бүйрек үстінен басқа адреналин және норадреналин бүкіл ағза бойына таралған ганглиозды ұлпалардағы хромаффинді жасушалар арқылы түзіледі,. Гормондардың түзілуі симпатикалық жүйке жүйесінің әсерінен болады және бүйрек үстіне баратын симпатикалық талшықтардың тітіркенуінен артады. Адреналин және  норадреналинді енгізгендегі басталатын өзгерістер симпатикалық жүйке жүйесінің тітіркенуі кезінде байқалатын өзгерістерге ұқсас келеді.

Адреналинді ағзаға енгізгенде терінің, көз қабыршақтарының және ішектің тамырларының тарылуы байқалады және қан қысымы артады.   Жүрек және қанқа бұлшық еттерінің қан тамырларыадреналин әсерінен, керісінше, кеңейеді, қаңқа бұлшық еттеріндегі жүрек қызметі жақсарады.. Адреналин бронхо бұлшық еттерінің (бронхиалды астма кезінде қолданады) және ішектің босаңдауын және көз қарашығының үлкеюін туғызады.

Адреналинді ағзаға енгізу гликогеннің ыдырауының күшеюімен және осыған байланысты қандағы қант мөлшерінің артуымен  (гипергликемия) және несеппен бірге қанттың бөлінуімен қабаттас жүреді (глюкозурия). Адреналиннің әсер ету механизмі мынада: адреналин дефосфофосфорилаза белсенді емес ферментін оның белсенді түріне - фосфорилазаға (- глюканфосфорилаза) айналуына ықпал етеді. Фосфорилаза гликогенді  глюкозо-1-монофосфор эфиріне ыдырауын тездететін фермент болып саналады.

Химиялық табиғаты бойынша  адреналин метиламиноэтанол, яғни пирокатехин болып табылады және ағзада тирозин аминқышқылынан түзіледі. Тирозин дофамин түзу арқылы тотығады, декарбоксилденеді және бүйір тізбегінде норадреналин түзу арқылы тотығады, соңғысы мұнан соң метилденеді және  адреналинге айналады. Адреналиннің химиялық қасиеттері оның құрамында пирокатехин сақинасының болуымен анықталады. Бейтарап ортада адреналин тіпті ауадағы оттек қатысында оңай тотығып, адренохром деп аталатын, қызыл түске боялған, құрамы галохромға жақын өнім түзіп, өзінің биологиялық активтілігін жоғалтады. Адренохромның онан әрі өзгерісі (полимерленуі) қара пигменттер – меланиннің түзілуіне әкеледі. Егу үшін қолданылатын адреналин ерітінділерін әлсіз органикалық қышқылдар, мысалы, янтарь қышқылын және т.б. қосу арқылы тұрақтандырады.

 

 

Адреналиннің түзілу сызбасы

 

Адреналин темір хлоридімен жасыл түсті фенолят түріндегі қосылыс түзеді. Адреналин диазоқосылыстармен әрекеттесіп қызыл түске боялған, гистидин мен тирозинге белгілі комплексті қосылыс береді.

 

Адреналиннің темір хлоридімен реакциясы

 

Әдіс ұстанымы

Адреналин әлсіз сілтілік реакция көрсетеді, ауада оңай тотығып адренохром түзеді, солсебепті темір хлориді ерітіндісін қосқанда жасыл түске боялады. Темір хлоридімен реакциясы адреналин құрамына енетін пирокатехин сақинасы үшін тән.

Реактивтер, зертелетін материал:

1) адреналин ерітіндісі - 1г/л; 2)  темір хлоридінің ерітіндісі- 10г/л; 3) күйдіргіш  натр ерітіндісі - 100г/л.    

Жұмыстың жасалу реті: Пробиркаға 10 тамшы адреналин ерітіндісін тамызып оған 1 тамшы темір хлориді ерітіндісін қосамыз. Адреналин молекуласында пирокатехин болғандықтан ерітінді жасыл түске боялады. Мұнан әрі 1 тамшы күйдіргіш натр ерітіндісін қосқанда қызыл шие түс пайда болады

Адреналиннің калий иодидімен реакциясы

 

Реактивтер, зерттелетін материал:

1) калий иодиді, 1%  ерітінді; 2) сірке қышқылы, 10% ерітінді; 3) адреналин ерітіндісі - 1г/л.

Жұмыстың жасалу реті:  0,5 мл адреналин ерітіндісіне 1мл 1% калий иодиді ерітіндісін, 10 тамшы 10% сірке қышқылының ерітіндісін қосады. Қоспаны 60-65°С температураға дейін қыздырады. Қарқынды қызыл-күлгін түс пайда болады.

 

Адреналиннің тотығу өнімдерінің флюоресценциясы

Әдіс ұстанымы:

Адреналин, ауадағы оттекпен тотығып, сілті қосқанда флюоресценциялайтын өнімдер береді.

Реактивтер, зерттелетін материал:

1) адреналин ерітіндісі - 1г/л; 2) күйдіргіш натр ерітіндісі - 100г/л.

Жұмыстың жасалу реті:   10 тамшы суға  6 тамшы күйдіргіш натр ерітінді-сін және  24 тамшы адреналин ерітіндісін қосады. Пробирканы  қосылған флюороскоп алдына орналастырып, адреналиннің тотығу өнімдерінің жасыл  флюоресценциясын бақылайды.

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Гормондар деп қандай заттарды айтады ?

2. Гормондардың химиялық табиғаты қандай ?

3. Қалқанша без және парақалқанша бездерінде қандай гормондар пайда болады  ?

4. Инсулиннің химиялық табиғаты қандай және оның заттар алмасуына қандай әсері бар ?

5. Адреналиннің құрылысы мен қасиеттері және оның заттар алмасуындағы орны қандай ?

6. Гормондар мен дәрумендер арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 6 зертханалық жұмыс

 

Майларды эмульсиялау. Липазаның сүт майына әсері

 

Сабақтың мақсаты: Майларды эмульсиялау әдісімен танысу. Липазаның сүт майына әсерін зерттеу.

 

Қажетті реактивтер мен жабдықтар:

Пробиркалар, су моншасы, дистилденген су,  өт, 1 % жұмыртқа ақуызының ерітіндісі, 1 % сабын ерітіндісі, 1 % және 10 % Na2CO3 ерітіндісі, өсімдік майы (100 мл.), сүт, панкреатикалық без сығындысы, фенолфталеин (0,5 % спирттік ерітіндісі),

 

Майларды эмульсиялау. Липазаның сүт майына әсері

 

Асқазанда майлар мен липоидтар анағұрлым өзгерістерге ұшырамайды, себебі асқазандағы липаза ферментінің әсерінен тек эмульсияланған майлар ғана ыдырайды. Майлар мен майға ұқсас заттардың гидролиттік ыдырауы ішектегі асқазан асты бездері шығаратын липаза және т.б. ферменттердің әсерінен жүреді.  Липазаның аз ғана мөлшері ішектің кілегейлі қабықшасынан бөлінеді және ішек сөлінде болады. Асқазан асты безінің липазасы белсенділігі төмен түрде пайда болады және өтпен белсендендіріледі (активтеледі).

Холестеридтер холестеролэстераза ферменттерінің әсерінен холестерин мен майлы қышқылға ыдырайды.

Майлар мен майға ұқсас заттардың гидролиттік ыдырау өнімдерінің сіңуі ішекте өтеді. Глицерин жақсы ериді және оңай сіңеді. Суда ерімейтін майлы қышқылдар ерігіш холеин қышқылдары түрінде сіңеді, олар майлы қышқылдардың өт қышқылдарымен комплексті қосылыстары болып табылады.

Ішектің кілегейлі қабықшасының жасушаларында холеин қышқылдары қайтадан өт қышқылдарына және майлы қышқылдарға дейін ыдырайды. Соңғылары глицеринмен қосылып берілген ағзаға тән май түзеді. Босап шыққан өт қышқылдары қақпалы көк тамыр жүйесі арқылы бауырға түседі, өтпен бірге ішекке бөлінеді және холеин қышқылдарының жаңа мөлшерлерін түзу үшін керек зат болып табылады. Ішек жасушаларынан қайта түзілген май негізінен лимфалық жүйеге түседі, оның бір бөлігііклеей қанға түседі (шамамен 30%). Майлы эмульсия кеуденің лимфалық ағыны арқылы қан ағынына түсенді және бүкіл ағза бойына таралады.

 

 

Майдың негізгі массасы май қорларында жиналады: тері астындағы жасушада, іш майлары т.б.. Қордағы май жиналған жерден қан плазмасына өтеді және ұлпалар оны энергетикалық және  пластикалық материал ретінде қолданады. Майлар және май тәріздес заттар жасуша қабықшаларының құрамына енеді және протоплазмада  липопротеинді комплекстер түрінде болады.

 

Өт  қышқылдары

 

Холий және  дезоксихолий қышқылдары құрылысы бойынша холестеринге жақын және холан қышқылының туындылары болып саналады.

Өт қышқылдары бауырда түзіледі және өтпен бірге бос күйінде және жұп қосылыстар түрінде гликоколмен немесе тауринмен бірге бөлінеді. Адам өтінде негізінен гликохол, гликодезоксихолий, таурохолий және тауродезиксихолий қышқылдары болады. Өт қышқылдары беттік активті заттар болып саналады және майларды эмульсиялауға және сіңіруге қатысады.

 

 

 

 

 

Майларды эмульсиялау

Майды өт, ақуыз, сабын немесе сода ерітінділерімен шайқағанда тұрақты эмульсия түзіледі.

 

Эмульсияның түзілуін май тамшыларын қоршаған беттік су қабатына өт қышқылдары, ақуыз, сабынның беттік-активті бөлшектерінің ұмтылуымен, олардың май тамшыларын сыртынан қоршайуымен және май тамшыларының бірігуіне мүмкіндік бермейтінімен түсіндіреді. Майларды содамен эмульсиялау май құрамындағы бос майлы қышқылдармен натрий карбонатының әретекеттесіп  сабын түзуіне байланысты.

Жұмыстың жасалу реті:    5 пробиркаға 20 тамшыдан әртүрлі ерітінділер құяды: біріншісіне – дистилденген су, екіншісіне – екі есе сұйылған өт, үшіншісіне  - 1% жұмыртқа ақуызының ерітіндісін, төртіншісіне - 1% сабын ерітіндісін, бесіншісіне - 1% натрий карбонаты ерітіндісін. Әр пробиркаға 2 тамшыдан өсімдік майын қосады және қоспаларды араластырады.Біріншісінен басқа барлық пробиркаларда тұрақты эмульсия түзіледі. Жұмыс нәтижелерін кесте түрінде белгілейді:

 

 

Су

Өт

Ақуыз

Сабын

Сода

Өсімдік майы

 

 

 

 

 

 

 

Липазаның сүт майына әсері

 

Егер сүтке құрамында липаза ферменті бар панкреатиттік бездің сығындысын қоссақ, және қоспаны фенолфталеин қатысында содамен әлсіз раушан түске дейін сілтілесек, онда біраз уақыттн соң сұйықтықтың раушан түсі жоғалады. Бояудың жоғалуы майдың липаза әсерінен ыдырау нәтижесінде бос майлы қышқылдардың түзілуімен түсіндіріледі. Майлы қышқылдар қосылған сілтіні бейтараптандырады, сол себепті фенолфталеин түссізденеді.

Жұмыстың жасалу реті:  2 пробиркаға 1:1 қатынаста сұйылған 20 тамшы қйнатылған сүт құяды. Бір пробиркаға 2-З тамшы панкреатиттік без сығындысының тамшыларын, екіншісіне – 2-З сол сығындыны алдын-ала қайнатылған және соңынан суытылған сол сығындыны құямыз. Әр пробиркаға  1 тамшыдан фенолфталеин (0,5% спирттік ерітіндісін) және бірнеше тамшыдан 10%  натрий карбонатыныңт ерітіндісін бірдей қарқынды әлсіз раушан түс түзілгенге дейін қосамыз. Екі пробирканы да су моншасында 10-15 минутқа  38-40° температурада ұстаймыз. Активті липазасы бар үлгідегі сұйықтық тұссізденеді в қайнатылған сығындысы бар үлгі өзгеріссіз қалады.

Жұмыс нәтижелерін кесте түрінде өрнектейміз.

 

Фермент (бастапқы материал)

Субстрат (өнім)

 қатысында сұйықтықтың фенолфталеинмен түсі

бастапқы

соңғы

 

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Липидтер деген не ?

2. Липидтердің жіктелуі.

3. Өт қышқылдары қайда түзіледі ?

4. Өттің майларды қорыту мен сіңірудегі қызметі қандай ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.             З.С. Сейітов. Биохимия. Оқу құралы. Алматы Еңбек Қызыл Ту орденді зоотехникалық-малдәрігерлік институты. Алматы. 1991 ж.

2.             Сағатов К.С. Биологиялық химия практикумы. Алматы. Ана тілі, 1992 ж.

3.             А.Ж.Сейтембетова. С.С.Лиходий. Биологиялық химия. Алматы. Білім. 1994 ж.

4.             П.К.Кенжебеков. Биологиялық химия. Оқу құралы. Шымкент. 2005 ж.

5.             Ә.Қ.Патсаев, Т.С.Сейтембетов, С.А.Шитыбаев, Қ.Н.Дәуренбеков. Биоорганикалық химия. ЖОО арналған оқулық. Шымкент. 2004 ж.

6.             Ә.Қ.Патсаев, Б.Қ.Махатов, С.А.Шитыбаев. Биополимерлер.Липидтер. Оқулық құралы. Шымкент. 2004 ж.

7.             Сорвачев К.Ф. Биологическая химия. М., Просвещение, 1971. 

8.             Чиркин А.А. Практикум по биохимии. Минск, Новое знание, 2002.

9.             Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия. М., Высшая школа, 1982.

10.                      Добрынина В.И., Свешникова Е.Я. Руководство к практическим занятиям по биологической химии. М., Медицина, 1967.

11.          Анисимов А.А. Основы биохимии. М., Высшая школа, 1986.

12.          Алейников Т.Л., Рубцова Г.В. Биохимия. Руководство к практическим занятиям по биологической химии. М., Высшая школа,1988.

13.          Филиппович Ю.Б. Руководство к практическим занятиям по биохимической химии. М., Высшая школа, 1985.

14.          Кнорре Д.Г. Мызина С.Д. Биологическая химия. М., Высшая школа, 1998.